Кәсіподақ мүшелерімен кездесу

 Ағымдағы жылдың 12 — мамыры  күні жоспар бойынша Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының  Павлодар облыстық  ұйымы» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы Г.А.Наурызбаева,    бас мамандары Г.О.Джаркенова, А.Ф.Арынова Баянауыл аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға, төрайымдарымен   кездесу өткізілді.

Алғаш сөзді Гүлбарам Әуезханқызы ашып, Конституциялық реформаның маңызын түсіндірді. Елімізде Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңару мен жаңғырту жолында үлкен саяси өзгерістер болатындығына тоқталып,барша халықты дауыс беруге шақырды. Сонымен қатар кәсіподақ комитеті қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Гүлшат Оралқызы кәсіподақ ұйымы — әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарларын жүзеге асыруға, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі ережелер мен нормаларды және қауіпсіздік техникасын сақтау жұмыстарының ұйымдастырылуын жүзеге асырылуы керек екендігін айтты.

Алма Файзрахманқызы кәсіподақ комитеті жұмысының негізгі бағыттарын, кәсіподақтар құқығын қорғау, баспа қызметiмен айналысуға, өз жұмысын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ұйымдарда да жария етуге шақырды.

Сонымен қатар екінші жартысында Гүлбарам Әуезханқызы аудан әкімі Серік Барлыбайұлымен кездесіп, білім саласында қызмет атқарып жүрген кіші қызметкерлердің дәрігерлік тексеруден тегін өтуін және әлеуметтік көмек (қатты отын) АЕК көлемін көтеруін, білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі білім беру бөлімінің тәрбиешілерінің санминимум тексеруден тегін  өтуіне аудан бюджетінен қайта қарастыруын сөз етті. Аудан әкімі маслихат сессиясында қаражат қарастырылып,оң шешімі болатындығына сенім білдірді.

Баянауыл аудандық білім қызметкерлерінің

кәсіподақ ұйымының төрайымы  А.Н.Нығметова

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған