Железин ауданындағы спорт мерекесі

2022 жылғы 16 желтоқсан күні Железин аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі филиалының жұмыс жоспарына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге арналған білім беру қызметкерлері арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді. Жарыстың шымылдығын Железин ауданының әкімі Айтұған Аблайұлы Шайхимов ашты . Айтұған Аблайұлы өз сөзінде мұғалімдердің ауыл тұрғындары арасында спорттық өмір салтын насихаттауға қатысты белсенділік көрсету туралы айтып өтті. Аудандық турнирге орта және негізгі мектептерден 9 команда қатысты. Команда капитандары мектеп директорлары болған командаларды ерекше атап өткім келеді: Мыңкөл ООШ, директоры - Амиров Бауыржан Жанатанұлы; Михайловка ЖОББМ директорының м.а. – Терманова Вера Васильевна. Волейбол алаңдарында аудан Чемпиондары атағы үшін күреске Жаңа Жұлдыз ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Ш. Уәлиханов атындағы ЖОББМ, Михайловка ЖОББМ, Новомир ЖОББМ және Захаровка НББМ Мыңкөл ЖНББ құрама командалары қатысты. Турнир келесі нәтижелермен аяқталды: қола медальдар Михайловка ЖОББМ командасына бұйырды, күміс медальдар Ш. Уәлиханов атындағы ЖОББМ командасына бұйырды. Ал алтын медаль иегерлері - Жаңа Жұлдыз ауылының ЖОББМ командасы атанды, команда капитаны - Жолдыбаев Рахат Сабирович. «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша Лысенков Игорь Михайлович, Михайловка ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі марапатталды. «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша - Байрастанов Азамат Сапарғалиұлы, Жаңа Жұлдыз ауылының ЖББМ дене шынықтыру мұғалімі марапатталды; "Үздік блоктаушы" номинациясы бойынша – Бакиев Ерболат Төлегенұлы Жаңа Жұлдыз ауылының ЖОББМ мұғалімі атанды. Аудандық турнирдің "Үздік ойыншы" атағына Ш. Уәлиханов атындағы ЖОББМ мұғалімі Жоламан Абайұлы Оспанов ие болды. "Спорт мерекесі өтті! Барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Жұмыста шығармашылық табыс пен жаңа қызықты идеяларды күтудемін!" – Ш. Нұрғалиева, Железин аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі филиалының төрағайымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған