Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалуын белгілейтін қасиетті күн. Тәуелсіздік тарихы-жеңістер мен жетістіктердің, мемлекетіміздің қалыптасуы мен өзін-өзі бекітуінің жарқын жолы. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихи жолын тамаша жалғастыруда.

Қазақстан азаматтары өз елінің тәуелсіздігін жоғары бағалайды. Тәуелсіздік күні ел бостандығы үшін күресіп, өмірін қиған Халық қаһармандарына арналады. Солардың қайрат, жігерлерінің арқасында қол жеткізген мерекеміз бүкіл халқымызды үлкен бір отбасына айналдырудың ұйытқысы болсын!

Бүгінгі таңда бостандық, жетістік пен жеңіс рухын сіңірген, өз жетістіктерімен Қазақстанды дәріптейтін жаңа ұрпақ өсуде.

Қазақстанның Республикасның Тәуелсіздік Күні құтты болсын! Барлық отандастарымызға ортақ үйіміздің өркендеуін, әр отбасының бейбітшілік пен тыныштықта, береке мен бірлікте болуын тілеймін!

 

Құрметпен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы 

Г.Ә. Наурызбаева

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған