Жүректегі жылумен – Біз біргеміз!

Екібастұз қаласында жарияланған төтенше жағдайға және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты тұрғындар осы 30 градустық аязда жылусыз қалған жергілікті ЖЭО-да қазандық агрегатының тоқтауы салдарынан қоғамдық бірлестіктің төрағасы-Науразбаева Гүлбарам Әуезханқызы бастаған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Павлодар облыстық ұйымының ұжымы қалмады қазіргі уақытта өмірлік қиын жағдайға тап болған әріптестері мен қала тұрғындарына көмек қолын созды.

Гүлбарам Науразбаева атап өткендей, Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық кәсіподақ ұйымдарының бюджетінен жылытқыштар, жылы көрпелер мен жылу зеңбіректерін сатып алуға қаражат бөлінді. Қайырымдылық науқанының қорытындысы бойынша ардагерлерге, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 63 жылытқыш, көрпе таратылды, сондай-ақ Екібастұз қаласының бес білім беру мекемесіне жылу зеңбіректері бөлінді.

Білім, ғылым және білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы ҚБ төрағасы Айгүл Мақсатқызы Мұқашева Павлодар облысы саласы қызметкерлерінің белсенді ұстанымын қолдап, Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасымен: "Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайға бәріміз қатты алаңдаймыз. Қаладағы жағдай Мемлекет басшысының және тиісті мемлекеттік органдардың ерекше бақылауында. Павлодар облысындағы білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері Екібастұзда орналасқан және ардагерлер мен көпбалалы отбасыларға көмек ретінде жылытқыштар жеткізеді. Павлодар облысының Гүлбарам Әуезханқызы бастаған әріптестеріне ерекше алғыс білдіргім келеді, олар шетте қалмай, екібастұздық кәсіподақ мүшелеріне көмек қолын созды. Сала кәсіподағы тарапынан да қажетті көмек көрсетілетін болады. БІЗ БІРГЕМІЗ!».

 Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған