Әлеуметтік әріптестікті дамыту, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау
Білім беру жүйесі қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік — экономикалық құқықтарын нақты қорғау тетігін айқындайтын негіз қалаушы құжаттар Павлодар облысының білім басқармасы мен "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы" ҚБ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім, білім бөлімдері мен қоғамдық бірлестіктер филиалдары арасындағы 13 өңірлік қалалық және аудандық келісімдер, 633 ұжымдық шарт болып табылады.
Сондай — ақ облыста екі (593), үш (24), төрт (13), бес (1), алты (2) тараптық ұжымдық шарт жасасудың оң тәжірибесі қалыптасты, олардың тараптары мектеп әкімшіліктерінен басқа ауыл әкімдері, шаруа (фермер қожалықтары), кәсіпкерлер болып табылады. Бұл ұжымдық шарттар кәсіподақ мүшелері үшін әлеуметтік кепілдіктер спектрін сәтті кеңейтеді және қоғамды мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін біріктіреді.
Мысал ретінде Ақсу қаласындағы Евгеньевка ауылдық округінің Гагарин атындағы ОМ-нің тиімді серіктестігін келтіруге болады. (Мектеп әкімшілігі, кәсіподақ комитеті, ауылдық округ әкімі және шаруа қожалықтары қауымдастығы арасындағы 4 жақты ұжымдық шарт), Шарбақты ауданы-Орловка ауылы Орловка ЖОМ ("Победа" ЖШС, ауылдық округ әкімі, мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті, ата-аналар комитеті және оқушылар парламенті арасындағы алты жақты ұжымдық шарт), Ертіс ауданы — Қосағаш ЖОМ (мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті, ауыл әкімі, ата-аналар комитеті, жоғары сынып оқушылары кеңесі және жастар орталығы арасындағы алты жақты ұжымдық шарт).
Көпжақты ұжымдық шарттарды жасасу шаруашылықтардың мектеп қызметкерлеріне нақты көмек көрсетуіне ықпал етеді: баққа жер бөлу, бау-бақша жырту, азық-түлікті жеңілдетілген бағамен бөлу және жеткізу, нарықтағыдан төмен бағамен жем-шөп сату, зейнеткер мұғалімдерге ЖШС зейнеткерлері сияқты жеңілдіктер беру, жас мамандарға пәтер бөлу.
Құрметті әріптестер! Сіздердің назарларыңызға Облыстың білім беру мекемелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының әкімшілігі арасында көпжақты ұжымдық шарттар жасасу жұмысының тәжірибесін ұсынамыз.